From Wikipedia, the free encyclopedia
Пье́ро де́лла Франче́ска (итал. Piero della Francesca (1420 ж. ш., Тоскана, Сан-Сеполькро,— 12. 10. 1492, сонда жерленді) — Бастапқы қайта өркендеу дәуіріндегі итальян кескіндемешісі. 1439 ж. Флоренциядағы Доменико Венециано шеберханасында жұмыс істеді. Мазанчо, Ф. Брунеллески,Л. Б. Альберти творчествосы ықпалында болды. Басты шығармалары: «Шоқындыру» (1450—55, Лондон Ұлттық галерея), «Делла Мизерикордия мадонна» (1450—62; Сан-Сеполькро, Коммуналды пинакотека) полиптихы, Риминидегі Сан-Франческо (1451), Ареццодағы Сан-Франческо шіркеуінің (1452—1466) фрескалары, Федериго да Монтефельтро мен Баттиста Сфорцтың (1465 ж. ш., Уффици) портреттері. Пьерро Делла Франческа өнері —15 ғасырдағы өмір сүйгіш гуманистік мәдениеттің бірден-бір жоғары жетістігі саналады. Әйгілі математик, әрі «Кескіндемедегі қолданылатын өрістілік туралы», «Дұрыс бітімді бес дене жайлы кітапшалар» атты трактаттардың авторы.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.